Басты Жаңалықтар ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде

ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде

Әділет сайтында тәулік бойы жұмыс істейтін онлайн-құқықтық кеңесші іке қосылды. Мақсат – қарапайым адамға құқықтық ақпаратты оңай әрі жылдам жеткізу. Келесі кезең – смарт-ассистентті енгізу. Ол заң жобаларын әзірлеушілерге көмектесіп, конституцияға қайшы нормаларды автоматты түрде анықтай алады. Яғни, заң шығару сапасын арттырып, адами қателікті азайтады. Сонымен қатар «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы арқылы азаматтар 2,2 миллиард теңгеден астам қаражатын үнемдеген. Бұрын борышкерлер қарыз сомасының 25%-на дейін жеке сот орындаушыға комиссия ретінде төлейтін. Енді жаңа технологияның арқасында атқарушы тұлғаға төленетін комиссия жойылды. Мамандардың айтуынша, әділет саласындағы цифрлық өзгерістер бюрократияны азайтып, заң үстемдігін күшейтуге бағытталған.

Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:
- ЖИ заң шығару процесіне араласқанда, қателік болса жауапкершілік кімге жүктеледі? Адамға ма жүйеге ме?
-  Жасанды интеллект, әрине ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Ол сізге тек қана көмектеседі. Егер сізге нақты жауап керек болса, уәкілетті органға немесе адвокаттарға жүгіну керек. Цифрлық жобалар, мысалы біз роботқа ешқандай ақша жаратқан жоқпыз. Бірақ 2,2 млрд үнемдеп, эффект көрсетіп жатырмыз. Сол сияқты цифрландыру тек қана көмекші ретінде емес, ол экономикалық пайда әкелу керек.


Бөлісу