Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
Астанада мектеп
оқушылары «Таза бейсенбі» акциясы аясында 5 мектептің аумағына 250 түп ағаш екті. Экологиялық шараға Есіл ауданындағы мектептердің 11 сынып оқушылары мен
мұғалімдері қатысты. «Amanat» партиясы өкілдерінің айтуынша, тек осы науқан
аясында өткен 10 айда республика көлемінде 120 мың ағаш отырғызылған. Әр
бейсенбі сайын үздіксіз өткізіліп келе жатқан акция барысында қала, аудан және
ауылдарды қардан, қоқыстан тазарту сынды жұмыстар атқарылады. Мақсат – экологиялық
мәдениетті қалыптасыру.
Санира Жүсіпова, «Amanat» партиясының Есіл ауданы
бойынша төрағасы:
«Таза Қазақстан» - ол тек ағаш отырғызу, ауланы жинау емес. Ол – экологиялық мәдениет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біздің 11-сынып оқушылары болашақ түлектермен өз мектеріне із қалдырсын деп бірлесіп, отырғызып жатырмыз. Бұл жерде отырғызуға ғана емес, өсіп өнуіне де оқушылар үлесін қосады.
Қуан Табысхан, мектеп оқушысы:
Өтіп бара жатқан, осы жаққа қонаққа келген тұрғындар көз қырын салған кезде біздің мектебіміз жап-жасыл болып тұрса, бұл біз үшін де абырой.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында өртенген үйден үш баланы құтқарып қалды
23.10.2025, 17:13

Брюссельде ЕуроОдақ саммиті өтіп жатыр
23.10.2025, 17:10
Әлемде мұнай бағасы 4% өсті
23.10.2025, 17:07
Қырғызстанда жанармай қымбаттауы мүмкін
23.10.2025, 17:05
БҚО-да дрон құлады: ҚМ бақылауды күшейтеді
23.10.2025, 17:03
Ақтөбе облысындағы жол апатын анықтауға үкіметтік комиссия құрылды
23.10.2025, 17:00
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21
Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18