Қазақстандағы 20 үздік жоғары оқу орны анықталды. Оны еліміздегі аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі жүргізген.
Сауалнама кезінде төрт негізгі бағыт: студенттердің, оқытушылардың, зерттеушілердің сапалық құрамы, академиялық мобильдік байланыс, түлектердің сұранысқа ие болуы, бәсекеге қабілеттілік басты назарға алынды.
Үздік үштікті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бастап тұр. Екінші орында - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болса, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті үшінші орынға лайық, деп танылды.
Индира БЕГАЙДАР