Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың кеңсесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың кеңсесі ашылды

05.06.2014
Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың кеңсесі ашылды
Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың кеңсесі ашылды. Бұл 20 жылдан бері әлем елдеріндегі ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландырып келе жатқан жетекші ұйымдардың бірі.
 
Бүгінге дейін орталық денсаулық сақтау, энергетика, физика, авиация салаларындағы 3 мыңдай ғылыми жобаны қаржыландырыпты. Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа мүше болған жылдар ішінде қазақстандық 184 жобаға 66 миллион доллар қаржы бөлінген.
 
Орталық кеңсесінің Астанадан ашылуы - байланысты одан әрі арттырмақ. Халықаралық ұйым басшылары қазірдің өзінде Назарбаев университетіндегі бірнеше ғылыми жобаны қаржыландыруға ниет білдіріп отыр.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу