Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушыларының бас кеңсесі Астанаға көшіріледі

23.06.2015
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушыларының бас кеңсесі Астанаға көшіріледі

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық басқарушыларының бас кеңсесі Мәскеуден Астанаға көшіріледі.

Елордада өткен 60-шы Кеңес отырысында орталықтың бас пәтерінің Қазақстанда орналасатындығы ресми түрде жарияланды.

Басқосуға еліміздің лауазымды тұлғалары, Назарбаев Университетінің басшылары және Еуропалық одақ, Жапония, Орталық Азия, Кавказ бен АҚШ өкілдері қатысты.

Жиын барысында басқарушылар кеңесінің төрағасы Леман мырза өз сөзінде орталықты қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа және ел Үкіметіне алғысын жеткізді.

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық 20 жылдан бері қаржыландыру, ғылыми ынтымақтастықты орнату және бұрынғы Кеңес одағы елдеріне қаруды таратпау жөніндегі жетекші ұйым саналады.

Орталықтың тұрақты кеңсесінің ғимараты 2017 жылдың көктемінде пайдалануға беріледі, деп жоспарлануда.  

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу