Астанада жаңа ғылыми талдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа ғылыми талдау орталығы ашылды

15.02.2024

Астанада жаңа ғылыми талдау орталығы ашылды. Мұнда тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің дамуына серпін беретін ғылым жобалар дайындалады. Сараптамалық материалдар елімізде болып жатқан проблемалардың шешімін табуға көмектеседі. Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет ғимаратында ашылған зерттеу кешеніндегі жұмыстарғаж оғары оқу орнының ғалымдары ғана емес, шетелдік сарапшылар да қатысады. Ғылыми орталықтың базасында Парламент Сенатының жобалық кеңсесі де жұмыс істейді.

Әлтайыр Ахметов, «Mind» ғылыми-зерттеу және ғылыми-талдау орталығының координаторы:

Mind атты ғылыми-зерттеу орталығы университеттің шеңберінде ашылған. Университеттің ғылыми негізі потенциалын қолданып халықаралық зерттеулер өткізілетін болады. Оның нәтижесінде біздер сапалы және тәуелсіз зерттеулердің нәтижелерін Мемлекет басшысының және біздің барлық стейкхолдерларға берілетін болады. Біздің ойымызша, біздер тек қана ғылыми зерттеулер ғана емес, онымен қоса мемлекеттік органдарға және басқа стейкхолдерларға нақты іске асыратын жоспарларды бере отырып, оларға қолдау көрсететін боламыз. 


Хабарламаларға жазылу