Биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлмейді - Тахир Балықбаев (ВИДЕО)

Енді бірер сәттен кейін Ұлттық біріңғай тестілеудің бірінші күнгі қорытындысы жария болады. Егер оқушыны тестілеу нәтижелері қанағаттандырмаса, 3, 5, 7-маусым күндері аппеляцияға беруге құқылы.
Аптаға созылатын бұл емтиханды бас-аяғы 92 0 77 оқушы тапсырады, яғни, түлектердің 72 пайызы.
Айталық, биыл жоғары оқу орындарына шамамен 34 мың грант бөлінеді. Оның 12 мыңы - техникалық мамандықтарға, 5 мыңға жуығы - педагогикалық, шамамен 2 600-і ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі.
Талапкер Ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін - 70, аграрлық универсиеттерге - 60, ал, қалған оқу орындарына 50-ден жоғары балл жинауы тиіс.
Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Биыл ҰБТ соңғы рет өткізіліп жатыр деген ақпарат дұрыс емес. Өйткені, біздің жоспарамыз бойынша ендігі жылы да өткізу жоспарланған. Бірақ, білім беру жүйесінің 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан кейін мектеп бітіру емтихандарына өзгеріс енгізу қажеттігі айтылған. Ол мәселені арнайы коммисия талқылап жатыр.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00