ҰБТ тапсыру басталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ тапсыру басталды (ВИДЕО)

02.06.2014
 ҰБТ тапсыру басталды (ВИДЕО)
Бүгін елімізде мектеп түлектері  Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға кірісті. 61 орында өтіп жатқан тестке 27 670 түлек қатысуда.
 
Аптаға созылатын бұл емтиханды бас-аяғы 92 0 77 оқушы тапсырады, яғни, түлектердің 72 пайызы. Астанадағы үш жоғары оқу орнында оқушылардың алғашқы легі тест тапсырып жатыр.
 
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Таңғы сағат 09.30-да басталған тестілеу аяқталуға жақын. Ата-аналар балаларын тағатсыздана күтіп отыр. Қазір тапсырған тест қорытындысы бүгін 18.00 мен 20.00 аралығында белгілі болады. Мамандардың айтуынша, биылғы тест сұрақтарының 30 пайызы жаңартылған.
 
Тахир Балықбаев, Білім және ғылым вице-министрі:
Өткен жылғы тест нәтижелеріне байланысты жұмыстар жүргізілді. Әрбір пән бойынша сұрақтардың барлығы қарастырылған. Кейбір пәндерден соңғы жылдары логикалық тапсырмаларды енгізіп жатырмыз. Ондай тапсырмалар бүгінгі сынақта математика пәні бойынша кездеседі.  
 
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурсқа қатысудың шекті деңгейі - 70 балл. Ал, жалпы медицина бағыты бойынша - 55, басқа барлық жоғары оқу орындарына, оның ішінде ақылы бөлімге түсу - 50 балл. Айта кетейік, ҰБТ еліміз бойынша 8-маусымға дейін жалғасады.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу