Қазақстанда ҰБТ басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ҰБТ басталды

02.06.2014
Қазақстанда ҰБТ басталды
Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды.  Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биылғы жылы ҰБТ-ға қатысуға 92077 мектеп бітіруші тілек білдірген.
 
Ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72 пайызын құрайды. Оның ішінде 63603 түлек - қазақ тілінде тапсырса, 28474 мектеп бітіруші - орыс тілінде тапсырады. Елордалық түлектер үшін тестілеу өткізу 2, 4 және 6 маусым күндеріне белгіленді.
 
Ал, ҰБТ тапсыру жүйесінде биыл өзгеріс болған жоқ.  Оқушыларға  сұрақтарға жауап беру үшін  3,5 сағат уақыт бөлінеді.  Белгіленген межелік өту балы - 50 балл, ал, Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70 балл жинау қажет.

Хабарламаларға жазылу