«Қазақстан барысы 2017» турнирінің марапаттау рәсімі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы 2017» турнирінің марапаттау рәсімі (ВИДЕО)

02.07.2017

Марапаттау рәсімінде қола жүлде иегері Айбек Нұғымаровқа белбеуді және оның бапкеріне сертификатты «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы Қаныбек Жұмашев және Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек, сондай-ақ, қазақтың даңқты палуаны Дәулет Тұрлыханов табыстады.

2017 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Ұлан Рысқұл мен оның бапкеріне  жүлделерді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, Халықаралық қазақ күрес федерациясының бірінші вице-президенті, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров және ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев табыс етті.

Ал, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев марапаттады.

Еламан Ерғалиев осымен Қазақстанның бесінші барысы атанды. Жеңімпазға алтын белбеумен қатар, алтын тайтұяқ та берілді.

Жеңімпаздарға берілген ақшалай жүлделер төмендегідей:

ІІІ орын - 1 800 000 теңге;

Бапкеріне - 900 000 теңге.  

ІІ орын - 5 500 000 теңге;

Бапкеріне - 1 800 000 теңге; 

І орын - 25 000 000 теңге;

Бапкеріне - 3 500 000 теңге.

Хабарламаларға жазылу