Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің нақты уақыты белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің нақты уақыты белгілі болды

10.09.2018

15 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің нақты уақыты белгілі болды. Шайқасты ұйымдастырушы «Golden Boy» промоутерлік компаниясының өкілдері телевизиялық шоу жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 5-те басталады дейді. Бұл Астана уақытымен қыркүйектің 16-сы күнгі  таңғы 6:00-ге сәйкес келеді. Ал, Головкин мен Альварес шаршы алаңға шамамен  біздің уақыт бойынша сегіз-сегіз жарымда шығады деп жоспарланып отыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу