Геннадий Головкин алда өтетін жекпе-жекке дайындықты 3 шілдеде бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин алда өтетін жекпе-жекке дайындықты 3 шілдеде бастайды

22.06.2016
Геннадий Головкин алда өтетін жекпе-жекке дайындықты 3 шілдеде бастайды

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі жекпе-жекке дайындалу үшін GGG жаттығу залына шілденің басында оралатынын айтты.

Әзірге қазақстандықтың қарсыласы кім болатыны белгісіз, әлеуетті қарсыластарының ішінде Сауль Альварес, Билли Джо Сондерс, Дэниэл Джейкобс, Себастиан Хейланд,  кіші  Крис Юбэнк бар, деп жазды Sports.k

«Бізде әлі   Golden Boy-мен ешқандай келіссөз болған жоқ. Алайда, Головкин рингке тамыздың соңғы аптасында немесе қыркүйекте оралады. Қарсылас жайында айтар болсақ, демалыста Нью-Йоркте Том Леффлермен кездесеміз, сол кезде қарсыластарды таңдап қараймыз», деген Санчестің сөзін келтірді ESPN Deportes.

Тәлімгер Головкин Саул Альвареспен айқас ұйымдастырады дегенге аса сенім білдірмеді.

«Бұл айқас өзін ұзақ жарнамалады. Қайнауы жетті. Ал шынына келсек, бұл жекпе-жек қыркүйекте болмайды», - деп атап өтті Санчес.

Хабарламаларға жазылу