«Kazsport» телеарнасы «Реал Сосьедад» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Реал Сосьедад» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

27.11.2016
«Kazsport» телеарнасы  «Реал Сосьедад» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Қарашаның 27-сінен 28-іне ауған түні  футболдан Испания чемпионатының 13-ші туры аясында сан-себастьяндық «Реал Сосьедад» өз алаңында каталониялық «Барселонаны» қабылдайды. 

«Реал Сосьедад» маусымды сәтсіз бастағанымен, қазір бұл команданың жағдайы орынды. Біріншіліктің 12 турынан кейін сан-себастьяндықтар 22 ұпайға ие болып, турнирлік кестеде 5-ші орында жайғасқан. Өз алаңында басктік команда 6 ойын өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, тек бір матчта ғана есе жіберген.

Ал, азулы каталондық команда дәл қазір корольдік клубты ғана алдыға жіберіп, екінші орында тұр. «Барселона» осы маусымда лигада сырт алаңда 6 рет ойнап, тек бір ғана кездесу де жеңіліс тапқан.

Бұл екі ұжымның арасындағы соңғы кездесу 9 сәуірде сан-себастьяндықтардың «Аноэта» стадионында өтіп,  1:0 есебімен жергілікті команданың пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік,  «Реал Сосьедад» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 01:45-те. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу