Еуро-2016. Италия құрамасы Испанияны 2:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Италия құрамасы Испанияны 2:0 есебімен ұтты

28.06.2016
Еуро-2016. Италия құрамасы Испанияны 2:0 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Италия мен Испания құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.

Бұл ойында Италия құрамасы Испанияны 2:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның 33-ші минутында Италия құрамасының футболшысы Джорджио Кьеллини гол соғып, есепті ашты.

Ал, екінші таймның соңында Грацциано Пелле есепті 2:0-ге жеткізіп, құрамасына жеңіс сыйлады.

Италия – Испания 2:0

Гол: 1:0 – 33 Кьеллини, 2:0 – 90 Пелле.

Италия – Буффон, Бонуччи, Кьеллини, Де Шильо, Бардзальи, Пароло, Флоренци (Дармиан, 84), де Росси (Мотта, 54), Жаккерини, Пелле, Эдер (Инсинье, 82).

Испания – Де Хеа, Пике, Альба, Хуанфран, Рамос, Иньеста, Бускетс, Сильва, Фабрегас, Нолито (Адурис, 46; Педро, 81), Мората (Васкес, 70).

Хабарламаларға жазылу