Еуро-2016. Бельгия құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бельгия құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты

27.06.2016
Еуро-2016. Бельгия құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Бельгия мен Венгрия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.

Бұл ойында Бельгия құрамасы Венгрияны 4:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның 10-ші минутында Бельгия құрамасының футболшысы Тоби Алдервейрелд гол соғып, есепті ашты.

Ал, екінші таймның 76-шы минутында Миши Батшуайи есепті еселесе, Эден Азар ойындағы үшінші голды соқты.  90-шы минутта Феррейра Карраско ойындағы соңғы голды соқты. Қорытынды есеп – 4:0.

Венгрия – Бельгия 0:4

Гол: 0:1 – 10 Алдервейрелд, 0:2 – 78 Батшуайи, 0:3 – 79 Азар, 0:4 – 90 Карраско.

ВенгрияКирай, Юхас (Беде, 80), Кадар, Ланг, Гузмич, Надь, Пинтер (Николич, 75), Джуджак, Ловренчич, Гера (Элек, 46), Салаи.

Бельгия – Куртуа, Алдервейрелд, Вертонген, Менье, Вермален, Наингголан, Витцель, Азар (Феллайни, 81), де Брюйне, Мертенс (Феррейра Карраско, 70), Лукаку (Батшуайи, 76).

Хабарламаларға жазылу