Еуро-2016. Исландия құрамасы Англияны ұтып, ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Исландия құрамасы Англияны ұтып, ширек финалға шықты

28.06.2016
Еуро-2016. Исландия құрамасы Англияны ұтып, ширек финалға шықты

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Англия мен Исландия құрамаларының арасындағы соңғы ойын аяқталды.

Бұл ойында Исландия құрамасы Англияны 2:1 есебімен ұтты. Бірінші таймның 4-ші минутында Англия құрамасының капитаны Уэйн Руни 11 метрлік айып добынан гол салып, есепті ашты.

Араға екі минут салып Исландия құрамасының футболшысы Рагнар Сигурссон есепті теңестіріп кетті. Ал, 18-ші минутта Колбейн Сигторссон есепті 2:1-ге жеткізіп, Исландия құрамасына жеңіс сыйлады.

Хабарламаларға жазылу