Еуро-2016. Хорватия құрамасы Испанияны 2:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Хорватия құрамасы Испанияны 2:1 есебімен ұтты

22.06.2016
Еуро-2016. Хорватия құрамасы Испанияны 2:1 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «D» тобындағы Хорватия мен Испания құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Хорватия құрамасы Испанияны 2:1 есебімен ұтты. Бірінші таймның 7-ші минутында Испания құрамасының футболшысы Альваро Мората гол салып, құрамасын алға шығарса, бірінші таймның соңында Никола Калинич есепті теңестіріп кетті.

Ал, екінші таймның 87-ші минутында Иван Перишич Хорватия құрамасының жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 2:1.

Айта кетейік, Хорватия құрамасы «D» тобында 7 ұпай жинап, бірінші орынмен чемпионаттың плей-офф кезеңіне өтті. Ал, Испания құрамасы 6 ұпаймен екінші орын алды.

Хабарламаларға жазылу