Еуро-2016. Франция құрамасы жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Франция құрамасы жартылай финалға шықты

04.07.2016
Еуро-2016. Франция құрамасы жартылай финалға шықты

Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңіндегі Франция мен Исландия құрамаларының арасындағы соңғы ойын аяқталды.

Бұл ойында Франция құрамасы Исландияны 5:2 есебімен ұтты. Франция құрамасы сапынан Оливье Жиру (12-59-минут) 2 гол салса, Поль Погба (20-минут), Димитри Пайе (43-минут) және Антуан Гризманн (45-минут) бір голдан соқты.

Ал, Исландия құрамасынан 2 жауап голды 56-минутта Колбейн Сигторссон және Биркир Бьярнасон 84-ші минутта салды.

Франция құрамасы жартылай финалда Германия құрамасымен ойнайды.

Хабарламаларға жазылу