Еуро-2016. Польша құрамасы Украинаны 1:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Польша құрамасы Украинаны 1:0 есебімен ұтты

22.06.2016
Еуро-2016. Польша құрамасы Украинаны 1:0 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «С» тобындағы Польша мен Украина құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Польша құрамасы Украинаны 1:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады. Ал, екінші таймның 49-шы минутында Польша құрамасының футболшысы Якуб Блащиковски жеңіс голын салды. Қорытынды есеп – 1:0.

Айта кетейік, Польша құрамасы 7 ұпаймен топта екінші орын алып, чемпионаттың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу