Еуро-2016. Украина құрамасы Солтүстік Ирландиядан 0:2 есебімен ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Украина құрамасы Солтүстік Ирландиядан 0:2 есебімен ұтылды

17.06.2016
Еуро-2016. Украина құрамасы Солтүстік Ирландиядан 0:2 есебімен ұтылды

Еуропа чемпионатының «В» тобындағы Украина мен Солтүстік Ирландия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Солтүстік Ирландия құрамасы Украинаны 2:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда қос құрама алма-кезек шабуылдағанымен, қақпаға гол соғылмады. Ал, екінші тайм басында Солтүстік Ирландия футболшылары шабуылдап, 49 минутта есепті ашты. Гол авторы – Гарет Маколи. Ал, екінші голды Ниэлл МакГинн төреші қосқан қосымша уақытта салып, құрамасына маңызды 3 ұпай сыйлады.

Хабарламаларға жазылу