Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Украина-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Украина-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді

21.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Украина-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «С» тобындағы Украина және Польша құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 21:50-де назарларыңызға ұсынады.

Украина құрамасы бірінші турда Германиядан 0:2 есебімен және 2-ші турда дәл осы есеппен Солтүстік Ирландиядан да ұтылған. Ал, Польша футболшылары алғашқы турда Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтса, екінші турда Германямен 0:0 есебімен тең ойнаған.

Екі құрама бұған дейін 7 ойын өткізген. Оның 3 матчында Украина құрамасы жеңіске жеткен болса, Польша 1 ойында ұтқан. Ал, 2 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Украина 19-шы орында, Польша құрамасы 27-шы сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Украина-Польша ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 22 маусымда, сағат 08:25-те көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу