Еуро-2016. Футболдан Ресей құрамасы Австрия футболшыларынан ұтылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Футболдан Ресей құрамасы Австрия футболшыларынан ұтылып қалды

15.06.2015
Еуро-2016. Футболдан Ресей құрамасы Австрия футболшыларынан ұтылып қалды

Еуро-2016 іріктеу турнир аясында «G» тобында сынға түсіп жатқан футболдан Ресей құрамасы өз алаңында Австрия құрамасын қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Австрия құрамасының футболшысы Янко ойынның 33-минутында гол салып, өз командасына маңызды 3 ұпай қосты.

Айта кетейік, Ресей елінің футболшылары Еуро-2016 іріктеу турнирінде Австриядан екінші рет ұтылды. Былтыр 4-турда сырт алаңда дәл осындай 0:1 есебімен есе жіберген.

«G» тобының турнир кестесінде Австирия 16 ұпаймен топ бастап келеді. Ал, Ресей құрамасы 8 ұпаймен 3-орында.

Хабарламаларға жазылу