Футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Франция құрамасы Румыния командасын 2:1 есебімен жеңді.
Бірінші таймда қос қарсылас қанша шабуылдағанымен бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Ал, ойының екінші таймында франциялықтар сапынан алғашқы голды 57-минутта Оливье Жиру салды. Араға 7 минут салып румыниялық футболшы Станку пенальтиден есепті теңестіріп кетті.
Ал, ойынның 89-минутында Димитри Пайе Франция құрамасына жеңіс голын сыйлады.
Айта кетейік, ертең «Kazsport» сағат 18:50-де Албания-Швейцария матчын, ал, Ұлттық арна сағат 21:50-де Уэльс-Словакия және сағат 00:50-де Англия-Ресей ойынын тікелей эфирде көрсетеді.