Еркін күрестен ел кубогын Алматы облысының палуандары иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін күрестен ел кубогын Алматы облысының палуандары иеленді

02.11.2014
Еркін күрестен ел кубогын Алматы облысының палуандары иеленді

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде еркін күрестен ҚР Кубогы сарапқа салынды. Бұл жолы да Алматы облысының құрамасы топ жарды. Бұл өңірдің палуандары грек-рим күресінен де қарсылас шақ келтірмеген еді.

Алматы облысының палуандары «D» тобында Қарағанды облысын 5:3 есебімен ұтты.  Келесі кездесуде Ақтөбе облысымен 4:4 есебімен тең түсіп, тек қосымша көрсеткіштер бойынша жеңімпаз атанды. Бұл топта Батыс Қазақстан облысының құрамасы жарысқа келген жоқ.

«А» тобында Жамбыл облысының палуандары үздік шықты. Олар Қызылорда (5:3), Қостанай (6:2) және Ақмола облыстарының (6:2) палуандарынан басым түсті.

«В» тобында барлық кездесуде жеңіске жеткен Астана қаласының құрамасы бірінші орын алды. Олар Атырау мен Павлодар облыстарын 6:2 есебімен ұтса, Шығыс Қазақстан облысының құрамасын 7:1 есебімен жеңді.

«С» тобында Алматы қаласының палуандарына тең келер ешкім болмады. Олар Маңғыстау (7:1), Солтүстік Қазақстан (8:0) және Оңтүстік Қазақстан облыстарының (5:3) құрамаларын ұтты.

Жартылай финалға әр топтың үздік құрамалары – Астана, Алматы, Жамбыл және Алматы облысы шықты. Бұл кезеңде Алматы облысы Алматы қаласының палуандарын айласын асырса, Астана қаласы Жамбыл өңірінің құрамасын жеңді. Екі кездесуде 5:3 есебімен аяқталды.

Үшінші орын үшін белдесуде Алматы қаласы Жамбыл облысынан 7:1 есебімен басым түсті. Ал, финалда Алматы қаласының палуандары Астана құрамасын 5:3 есебімен ұтты.

 

Фото: Данияр Майлыбаев

Хабарламаларға жазылу