Инчхон-2014. Қазақстандық ватерполшылар Гонконг құрамасын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық ватерполшылар Гонконг құрамасын жеңді

20.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық ватерполшылар Гонконг құрамасын жеңді

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық ватерполшылар Гонконг құрамасын  ұтты.

Әйелдер арасындағы Ұлттық құрама қарсыластарынан 25:1 (8:0, 5:0, 7:1, 5:0) есебімен басым түсті.

Ертең Қазақстан құрамасы Өзбекстан спортшыларымен ойнайды. Өзбекстандықтар  бұған дейін Сингапур құрамасын 12:4 есебімен жеңген.  

Хабарламаларға жазылу