Қарағанды мен Түркияның Ескішехир шаһары бауырлас қалалар атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды мен Түркияның Ескішехир шаһары бауырлас қалалар атанды

19.01.2015
Қарағанды мен Түркияның Ескішехир шаһары бауырлас қалалар атанды

Түркиядағы елшілік пен халқықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының шақыруымен Қарағандыдан келген арнайы делегация Ескішехир провинциясының әкімшілігімен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды.

Сапар аясында тараптар бір-бірінің индустриялық мүмкіндіктері мен бизнеске жасалған жағдайы туралы да сөз қозғады.

Қарағандылық делегация түркиялық әріптестерін елімізде шетелдік инвесторларға жасалатын жеңілдіктермен таныстырды. Аймаққа инвестиция құюға, шағын және орта бизнесті дамытуда күш біріктіруге уағдаласты.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу