Ерлігімен көзге түскен

Әлмахан Ысмайлов екі жыл әскери борышын өтеп келген бетте соғыс өрті тұтанды. Бірден әскерге шақырылып, кескілескен ұрыстың ортасына бір-ақ түсті. Қайсар мінезді қазақ жігіті қырағылығының арқасында барлаушы болды. Сақ, әрі епті қимыл. Тапқырлық. Кез келген жағдайға дайын болу. Ол өз қаруластарының ішінде осындай қасиеттерімен дараланды.
Әлмахан Ысмайылов, соғыс ардагері:
Судың жағасындағы фашистерді қырдық. Сол жерде екі немістің офицерін ұстап алып штабқа жөнелттік.
Әлмахан Ысмайлов осындай ерлік әрекеті үшін «Даңқ» орденін кеудесіне тақты. Енді бірде олардың әскери бөліміне өзен үстіне көпірді жаруға бұйрық берілді. Алайда неміс басқыншылары мұны сезіп қойып, қарсылық көрсетті. Жан алып, жан беріскен шайқаста Әлмхан Ысмайлов қасындағы қаруластарымен өздеріне берілген бұйрықты орындап шығады. Сол батылдығы үшін ол екінші рет «Даңқ» орденімен марапатталды.
Әлмахан Ысмайылов, соғыс ардагері:
Көпірден өттік, өткен соң жардық қой гранатамен. Біз ар жақта қалдық, әскер кейін қалды.
Әлмахан Ысмайлов мұнан соң әскер полкында да талай ұрыстарға қатысты. Жалпы соғыс жылдарында Жамбыл жерінде екі бірдей атты дивизия құрылған. Бірі 105-ші, екіншісі 85-ші. Әйтсе де бұл дерек бүгінде көп айтыла бермейді.
Мақұлбек Рысдәулет, журналист-жазушы:
Бұл дивизия 1942 жылдың қазан айынан бастап, Сталинград маңындағы фашистердің 22 дивизиясын Сталинград жерінде қоршауға алған алапат шайқасқа қатысып, өздерінің үлесін қосқаны белгілі.
Жасы жүзге таяған қарт майдангер бүгінде ауылдың қазыналы қариясы. Ақсақалдың бар тілегі елдің амандығы мен бейбіт өмірі.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03