Бұдан соң ардагерлерге арнайы тігілген әскери қостарда дастархан жайылып, дәстүрлі сарбаз ботқасы берілді.
Сондай-ақ, саябаққа келгендер сонау ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жауынгерлердің ерлігін сомдауға мүмкіндік алды. Жалпы, бұл сұрапыл соғысқа Атырау облысынан 43 мыңға жуық адам қатысты.
Әлібек Түсіпәлі, соғыс ардагері:
Марқұм болған майдангер жолдастарымызды еске алып жатырмыз. Жеңіс күні бақыт, құт, бірлік әкелсін. Елімізде тыныштық болсын. Аман болайық, соғыс болмасын.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ