Қостанайда «Жас патриоттар» слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Жас патриоттар» слеті өтті

07.05.2014
Қостанайда «Жас патриоттар» слеті өтті
Қостанайда Отан қорғаушылар күніне орай «Жас патриоттар слеті» өтті. Мектеп жасындағы жасөспірімдерді отансүйгіштікке баулуға арналған іс-шараға облыс бойынша 31 патриоттық клубтың мүшелері қатысты.
 
Болашақ сарбаздар  «Жеңіс» саябағына жиналған көпшілікке өздерінің әскери өмірден үйренгендерін көретті. Саппен жүрді, жауынгердің сенімді серігі «Калашников» автоматын шашып, қайта жинады. Осылайша,  ұрыс қаруымен қаншалықты таныс екендерін байқатты. 
 
Нұрсұлтан Амандық, «Сұңқар» әскери патриоттық клубының мүшесі:
Бүгінгі слетке қатысқаныма қуаныштымын. Өйткені, бұл маған көп нәрсе үйретеді.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу