Қостанайда «Батырларға мың алғыс!» театрландырылған қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Батырларға мың алғыс!» театрландырылған қойылымы сахналанды

09.05.2019

Қостанайда Жеңіс мерекесі «Батырларға мың алғыс!» атты театрландырылған қойылымнан басталды. Бұл - ерлікке құрмет, рухқа тағзым ету күні. Сондықтан, кейінгі толқынды бейбіт тірлікті қастерлей білуге үйрету маңызды. Биыл Жеңіс саябағына күрделі жөндеу жасалды. Жалпы аумағы 5 мың шаршы метр жүргіншілер жолы жаңартылып, кіреберіс қақпасы көркемделіп, қайта  безендірілді.

Сонымен қатар, Кеңес одағының батыры атағын алған, «Даңқ» орденін иеленген 41 майдангердің ескерткіші орнатылды. Қостанай облысынан Ұлы Отан соғысына 73 мың адам аттанып, соның жартысынан астамы майдан даласында мерт болған. Бүгінде облыста көзі тірі 117 ардагер қалған. 

Қасымхан Алдаберген соғыс ардагері:   

Сол біз қорғап қалған жер, су, Отан, ұлт, қазағың – қазіргі жастарға аманат. Осы бір Тәуелсіздікті, елдікті сақтап, әлемдегі өркендеген елдердің қатарынан көрінейік.   

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу