Астанадағы қарттар және мүгедектер үйінде төрт соғыс ардагері тұрады. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа төсеген қарияларымыздың бүгінгі бейбіт күн үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз.
Мереке қарсаңында сол ардагерлерге құрмет көрсетілді. Арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, бағалы сыйлықтар табысталды. Дәстүрлі шараны қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырып отыр.
Мейірлан Нарымбетов, ұйымдастырушы:
Бұл шарадан басқа жыл сайын әртүрлі шаралар Жаңа жыл, Наурызда да өте көп жүреді. Ешқашан да бұл кісілерді ұмытып кетпейміз. Келіп, құттықтауға біз дайынбыз.
Индира БЕГАЙДАР