Талдықорғанда «Әдебиет - руханияттың діңгегі» атты жыр кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Әдебиет - руханияттың діңгегі» атты жыр кеші өтті

20.03.2018

Талдықорғанда Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Әдебиет - руханияттың діңгегі» атты жыр кеші өтті. Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға ақындардың үш буын өкілі қатысып, оқырмандарымен кездесті. Ғұсман Жандыбаев, Жанарбек Әшімжан және Мақпал Мыса жиналған қауымға өлеңдерін оқып, сұрақтарына жауап берді. Әдебиет айдынында қалам тартып жүрген үш ақын да өздерінің өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелеп, сырларымен бөлісті. Жалпы, Президент мақаласы қаламгерлердің оқырмандарымен қауышып, жастардың рухани қуаттануына дәнекер болды. Ақындар «мұндай мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, бағдарламаның жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет», деген пікірде. 

Жанарбек Әшімжан, ақын:

- Қолымыздан келгенше, өзіміздің кәсіби мамандығымызға сай және атқарып жатқан тіршілігімізге сай қоғамды ағартуға, дамытуға атсалысуымыз керек деп ойлаймын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осының жүзеге асуына керемет тетік болды.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу