Рухани жаңғыру: монографиялар жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру: монографиялар жарыққа шықты

12.12.2017

Қазақстандықтардың 80 пайызы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы жайлы естіп, 20 пайызы оны толығымен оқыған екен. Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнаманың қорытындысы осындай. Зерттеу еліміздің әр аймағында қалалар мен ауылдарда 4 мың адам арасында жүргізілген. Соның қорытындысы монографиялар ретінде жарыққа шығып отыр. «Қазақстан Республикасының коммуникациялық саясаты: қазіргі жай-күйі және даму перспективалары» мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» деп аталатын кітаптарға 15 ғалым, сарапшының еңбектері енген. Кітаптардың таныстырылымында осы монографиялар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асырып, халық пікірін білуге, әрі қоғамдық сананы нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Ғани Нығыметов, Еуразиялық интеграция институтының директоры:

- Тек қана мемлекеттік органдарға ғана емес, жалпы студенттерге, эксперттерге, қоғамға арналған екі жоба. Екі монография. Мұны біз қазір 50 ЖОО-на жіберіп отырмыз. Көптеген кітапханаларға жібереміз. Сосын электрондық нұсқасы сайтымызда болады. Әр азамат нәтижелерді көре алады. Бұл - бірінші рет жасалып отырған нәрсе.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу