Түркістанда Қазыбек бидің ескерткіші бой көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Қазыбек бидің ескерткіші бой көтереді

24.04.2017

Түркістанда Қазыбек бидің еңселі ескерткіші бой көтереді. Бұл жаңалық Қарағандыда ұлы бабаның 350 жылдығына орай өткізілген «Ұлттық руханият және Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Арқа төрінде өткен рухани шараға Түркістаннан арнайы келген топ қарағандылық мүсіншілермен кездесті. Бұған дейін еліміздің әр өңірінен Қазыбек бидің ұлт руханияты мен дүниетанымына қосқан үлесін айқындайтын 120-дан астам зерттеу  материалдары келіп түскен. Соның 76-ы арнайы жинақ болып топтастырылып, жарыққа шықты. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу