Әлем елдерінің ғылым және мәдениет қайраткерлерінің басын қосқан жиынға түрлі дін өкілдері де шақырылды. Пікір алмасу алаңында адамзат алдында тұрған бірқатар күрделі мәселерді шешу мен жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып рухани жаңғыру мәселесі сөз болды. Пленарлық отырыста «Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы» жайында үндеу тасталды.
Онда «қоғамның мәдени өсуі мен гуманизация» тақырыптары жан-жақты қамтылған. «Бұған қол жеткізудің басты құралы – қоғамдық сананы жаңғырту» деп көрсетілген. Үндеу Еуразия халықтары қауымдастығының Парижде өтетін отырысында да оқылмақ. Әрі оның жастарға берер тағылымдық мәні зор, - дейді жиынға қатысушылар.
Қонысбай Ембергенов, мұғалім:
- Мейірімді көбірек насихаттау, бір-біріне қол ұшын беру деген сияқты ізгі қасиеттерді жастардың арасында көбірек насихаттауға бүгінгі шара үлкен үлесін қосып жатыр. Шындығында да мәңгілік ел болу үшін, елдің болашағы жарқын болу үшін, ең бәрінші қажеті ол бірлік.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ