Ертең - Рухани келісім күні

17.10.2014
Ертең -  Рухани келісім күні

Ертең - Рухани келісім күні. Осыған орай Астанада «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Жиынға Ресей, Германия, АҚШ, Аргентина, Франция елдерінен келген қонақтар ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша, бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықты сақтауда көп ұлтты Қазақстан көш бастап тұр. Шара барысында ядролық қауіпсіздік, діни лаңкестік пен экстремизм мәселелері талқыланды. Басқосуға қатысқан Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен Қазақстан халқы Ассамбелясының мүшелері  еліміздегі тыныштық пен татулықтың маңыздылығына тоқталды.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу