Ғалымдар Ерейментау ауданындағы тарихи жерлерді зерттемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Ерейментау ауданындағы тарихи жерлерді зерттемек

21.09.2017

Еуразия Ұлттық университетінің қызметкерлері жұмыс жүйелі болу үшін жергілікті әкімдікпен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында ұйымдастырылған Ереументау ауданы күні шеңберінде бекіді. Бұл күні «Елдіктің бастауы, ерліктің дастаны - Ерейментау» атты ғылыми-тәжірибелік конференция да өтті. Ереймен елі ертеден тұнып тұрған тарих екені белгілі. Өңірден елі мен жері үшін аянбай тер төккен Қанжығалы қарт Бөгенбай, Үмбетей жырау, Саққұлақ шешен, Бапан би, Олжабай ақын, Садуақас Ғылмани сынды тау тұлғалар шыққан. Конференцияда «Қанжығалы» атты шежіре кітабы мен «Бөгенбай батыр» әні таныстырылды.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу