Тәуелсіздік күні қарсаңында 325 ақтөбелік отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні қарсаңында 325 ақтөбелік отбасы баспаналы болды

15.12.2017

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы үй алғандардың бәрі – «Тұрғын үй жинақ банкінің» салымшылары. Пәтерлердің әр шаршы метрі - 120 мың теңгеге бағаланды. Жаңа үйге кіргендердің қатарында білім, медицина саласының қызметкерлері мен жұмысшы мамандық иелері бар. Ақтөбеде өткен жылы 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткішті 700 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Мәселен, бір ғана «Нұр Ақтөбе» шағын ауданының өзінде биыл 2000-ға жуық пәтер мен 194 коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде Ақтөбеде 23 мың адам үй кезегінде тұр.

Мұқағали Мәмбет, қала тұрғыны:

- Үш жыл «Тұрғын үй жинақ банкінде» шот ашып ақша жинадым. Бірнеше бағдарламаға қатыстым. Соңғы рет «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, осы баспанаға қол жеткіздім. Қуаныштымын. Елбасыға, облыс әкімдігіне рахмет. 

 

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу