«Тәуелсіздік тірегім!» атты шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік тірегім!» атты шара өтті

10.12.2015
«Тәуелсіздік тірегім!» атты  шара өтті
 «Тәуелсіздік тірегім!» атты  шара өтті

Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры Тәуелсіздік күніне орай арнайы шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама, тәуелсіздік тақырыбында викториналық ойындар ұйымдастырылып 500 балаға отандық өнімдерден құралған тәтті сыйлықтар таратылды. Шараға аула клубтары тәрбиеленушілері мен колледж студенттері қатысты.

Сонымен қатар, Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті № 5 Студенттер үйінің басшылығымен бірлесе отырып режиссер Рашид Сүлейменовтың «Үйге қайтар жол» («Дорога домой») кинофильмін көрсетті.

Бүгінгі Қазақстан жастарының ең белсенді бөлігінің бірі жиырмадан асқан ұл-қыздарымыз Тәуелсіздіктің таңында дүниеге келген азаматтар болып табылады. Олардың арасында шет елде түрлі мемлекеттік бағдарламалар және басқа да жобалар бойынша білім алып тәжірибесін жетілдіргендері аз емес. Алған білімі мен игерген біліктілігін ел болашағы үшін жұмсап қызмет етіп жатқандарын мақтанышпен айтуға болады. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің жемісі!

Алайда жастардың арасында елдік, мемлекетшілдік, отанға деген құрмет пен патриоттық сезімді жеке басының материалдық жетістіктері мен басқа да себептерге ауыстырып шет елде қалып қоятын жастарымыз да кездесуде. Осы тұста біз жасөспірімдер мен жастарға өз отанына қалтқысыз қызмет етуді, өз елін, жерін сүюді терең тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымыз арқылы насихаттап бойына сіңіру қажет. «Үйге қайтар жол» фильмін көрсету арқылы шараны ұйымдастырушылар осындай мақсатпен ұйымдастырылды.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу