Сарбаздар да «ЭКСПО»-да. Екі күннен бері көрмені 200-ден астам жас жауынгер тамашалады. Олардың көбі бірнеше ай бұрын ғана әскерге шақыртылыпты. Қазақстанның әр өңірінен келген жауынгерлерге осылайша, көрмені аралау мүмкіндігі бұйырған. Алайда, рота командирінің сөзінше, «ЭКСПО»-ға тек тәртібі жақсы болған әрі үздік қызмет еткендер ғана келіпті. Олар әр елдің павильонына кіріп, мемлекеттердің мәдениетімен танысты. Ұлттық ұландықтарға мұндай мүмкіндікті сыйлаған – «ЭКСПО» компаниясының жетекшілігі.
Айта кетейік, бүгінде «ЭКСПО» аумағында Ұлттық ұланның 1500 қызметкері қауіпсіздікті қадағалап жүр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ