Ардагерлер «ЭКСПО» халықаралық көрмесін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер «ЭКСПО» халықаралық көрмесін тамашалады

31.07.2017

Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық бюджетінен арнайы қаржы бөлініп, 50-ден астам қария Астанаға әдейілеп келді. Олар алдымен Қазақстанның павильоны «Нұр әлемнің» ішін аралады. Экспозициялар мен қалашықтың безендірілуіне көңілдері толған ақсақалдар бұл шара мұқым қазақ елі үшін мақтаныш екендігін айтты.

Жалпы, бұл ауданнан 140 ардагер мен 500 оқушыны ЭКСПО көрмесіне тегін әкелу жоспарланып отыр. 
 
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу