«ЭКСПО» көрмесінің аясында Сан-Марино Республикасы «жасыл» экономикадағы жетістіктерін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінің аясында Сан-Марино Республикасы «жасыл» экономикадағы жетістіктерін көрсетті

17.07.2017

Бұл шағын мемлекет болса да, баламалы энергия көздерін дамытуға ден қойған. Сәйкесінше, осы бағыттағы жаңа туындылары аз емес. Олардың барлығы баспасөз мәслихатында айтылып, таныстырылды. Сан-маринолықтар Қазақстанның жетістіктеріне жоғары баға беріп, «ЭКСПО» көрмесіне қатысу үлкен мәртебе екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, шара барысында әлем жиһанкездері сүйетін «көне» республиканың ерекшеліктері баяндалды.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу