70 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

22.01.2016
70 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

Тараптар «жасыл энергетика» саласында одан әрі ынтымақтасудың келешегі жөнінде пікірлерімен алмасып, Латвияның астаналық көрмеге қатысуының мәселелерін талқылады.

Р.Жошыбаев Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмысы туралы хабарлап, латвиялық тараптың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне жаңа серпін беретінін атап өтті.

Өз тарапынан Ю. Погребнякс мырза  Латвия Үкіметінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне ресми түрде қатысатындығын растайтын нотаны табыстады. Погребнякс мырза айтып өткендей, Латвия Республикасы Халықаралық көрме бюросына мүше емес елдердің қатарында және  бірнеше рет ЭКСПО көрмесінің қатысушысы болған. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуының растауы, Латвияның Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын және ерекше достық қатынастарын көрсетеді.

Латвия 2020 жылға дейін ең «жасыл» мемлекет болуға ұмтылыс жасап отырған елдердің бірі және кездесу барысында Қазақстанмен «жасыл энергетика» саласында ынтымақтасуға дайын екеніне ниет білдірді.

Бүгінгі күні Латвия 70-ші мемлекет болып ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады.
 

Хабарламаларға жазылу