Елордада татар халқы сабантой мерекесін тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада татар халқы сабантой мерекесін тойлады

07.07.2017

Елордада татар халқы дәстүрлі, ұлттық мерекелері cабантойды тойлады. Шара үшін Татарстан Республикасынан әдейілеп 120-дан астам адам келді. Ән айтты, би биледі. Жиын Астана күні мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне орайластырылды. Қонақтар әсіресе қазақ елінің қонақжайлылығы мен татулығына, бірлігі мен берекесіне сүйсініп, алғыстарын білдірді. Мұндай шараларды ұйымдастыру ұлтаралық ынтымақтастықты арттыруға сеп болатынын айтты.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу