ЭКСПО-2017 көрмесі ашылғалы келушілер арасында үлкен қызығушылық тудырған павильондар белгілі болды. Олардың ішінде әрине, Қазақстанның павильоны көш бастап тұр. «Нұр әлемді» бір аптаның ішінде 86 мыңнан астам адам тамашалаған. Ал, шетелдік павильондардың ішінде Қытай алдыда тұр. Алғашқы ондыққа сондай-ақ, Сауд арабиясы, Үндістан, Малайзия, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Таиланд пен Жапония павильондары да кіріп отыр.
«Халықтың осы елдердің алаңдарына ағылуы тек олардың павильондары қызық екенін білдірмейді. Келушілердің таңдауы осындай»,- дейді ұйымдастырушылар. Ал, көрмеге келушілердің саны күн сайын артып келеді. Алғашқы апта ішінде «ЭКСПО»-ны 167 мыңнан астам адам аралапты.
Альбина ӘШІМ