Бейжіңде миллиондаған адам тесттен өткізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде миллиондаған адам тесттен өткізіліп жатыр

14.06.2022

Қытай астанасы Бейжіңде миллиондаған адамды коронавирусқа қатысты тестілеу науқаны басталды. Осыған байланысты қаланың Чаоянь ауданында 3 жарым миллион тұрғын тексеріліп жатыр. Өйткені, дәл осы жердегі дәмханаға барған 200-дей адам ковид жұқтырған. Енді солармен байланыста болған 10 мыңдай адам оқшауланып жатыр.

Бейжіңде өткен аптада ғана шектеулер жеңілдетілген. Алайда, инфекция жұқтыру дерегі қайта көбейгендіктен, ойын-сауық мекемелері мен мектептерді қайта ашуға тыйым салынып отыр. Қала әкімшілігі болса, алып мегаполисте қалыптасқан жағдайды «қауіпті» деп сипаттады


Хабарламаларға жазылу