Жалпы, «ЭКСПО»-ның екі түрі бар: бүкіләлемдік бірегей көрмелер және мамандандырылған халықаралық көрмелер. Алғашқылары жарты жылға созылып, 5 жылда бір өтеді. Ал, мамандандырылған көрмелер екі-үш жылда бір ұйымдастырылады. Оның уақыты – 3 ай. Бұл - «ЭКСПО»-ның бүгіні. Ал, өткеніне үңілетін болсақ, алғашқы көрмелер қазіргіден ерекшеленеді.
«ЭКСПО» - ағылшынның «Экспозишн» деген сөзінің қысқартылған нұсқасы. «Көрме» деп аударылады. Халықаралық көрме ұйымдастыру - француздардың ұсынысы. Ал, ең алғашқы бүкіләлемдік «ЭКСПО» 1851 жылы Ұлыбританияның астанасы Лондонда өтті.
Альбина ӘШІМ