Телефонның шығу тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Телефонның шығу тарихы

21.04.2018

1876 жылы телефон пайда болып, адамдардың хабар алмасу мүмкіндігі артты. Бұл құрылғыға әркімнің қолы жете бермегендіктен, телефон бағалы затпен тең болды. Сондықтан, халықтың аппаратты алаңсыз пайдалануы үшін көшелерде арнайы дүңгіршектер орнатыла бастады.

Алғашқы дүңгіршек 1881 жылы Берлинде ағаштан салынды. Қалауынша қоңырау соға алатын құрылғыға әлем қызыға бастады. 1889 жылы Уильям Гри ақша салып сөйлесетін телефон құрастырады. Содан бастап ақылы дүңгіршектер қаптады. Бұл телефон аппараттарын кез келген жерге қалқайтып орната бермеді. Теміржол бойы, банктің алды, аурухана жаны секілді кісі көп жүретін жерлерге қондырды.

Ал, 2003 жылы Жапонияның «NTT» компаниясы телефон автоматтарын жою туралы шешім шығарады. Талай жылдан бері тұрмысына сіңіп кеткен құрылғыны құртуға қалай қиғаны белгісіз. Бұған дейін жапондар телефон дүңгіршектерін ақпарат, анықтама орталықтары ретінде де пайдаланды.

Еуропа елдері аппараттан бас тартса да дүңгіршектерді көшіріп жіберген жоқ. Керісінше, ішін кітапқа толтырып, телефон, ноутбуктерді қуаттайтын шағын кеңселерге айналдырды.

«Революшн» тақырыбына  арналған «Парасат майданы» хабарының толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу