Әлемдік маңызы бар мега шараны дүйім ел қазақстандық арналардың тікелей эфирінде тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік маңызы бар мега шараны дүйім ел қазақстандық арналардың тікелей эфирінде тамашалады

09.06.2017

Жаңа ғана күллі жаһан көз тіккен, ел мерейін асқақтатқан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі салтанатты түрде ашылды. Әлемдік маңызы бар мега шараны дүйім ел қазақстандық арналардың тікелей эфирінде тамашалады. Энергетиканың шығу тарихын суреттеген театрландырылған лазерлі шоу, ауқымды концерттік шара көпшіліктің мерекелік көңіл-күйін тағы бір шолып шықсақ.

Астаналықтар мен қонақтар, көрменің салтанатты ашылу рәсімі – лазерлі шоудың куәсі болды. Алдымен, ЭКСПО-ның басты символы – Сфераның мән-мазмұны түсіндірілді. Сахнаға шыққан 30 балет бишісі би қимылдарымен оның өмір қуаты, таза энергия бейнесі екенін көрсетті.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу