«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі АҚШ павильоны таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі АҚШ павильоны таныстырылды

07.06.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесі үшін америкалық студенттер қазақ тілін үйреніп жатыр. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол журналистермен өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, көрме кезінде АҚШ павильонында 29 штаттан келген еріктілер қызмет етеді. «Олардың басым бөлігі қазақша және орысша біледі. Америкалықтар келушілерге шоу бағдарламалар мен қойылымдар әзірлеп жатыр.  Павильон АҚШ-ты таусылмас қуаттың қайнар көзі ретінде көрсетеді», - дейді елші.  

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу